Ағымдағы жылдың 17 сəуірінде Барнаул қаласында "Алтай қаржылық зерттеулер орталығы" ААМ қолдауымен Алтай мемлекеттік университеті ұйымдастырған қаржылық сауаттылық бойынша I Халықаралық "SMART қаржы" фестивалінің финалы өтті.
Фестиваль бейнероликтер байқауы форматында өтті. Сарапшылар байқаудың сырттай кезеңінде жіберілген бейнематериалдарға арнайы сынау жүргізу арқылы финалға 22 команда жолдама алды. Бұл тізімде Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың 3 командасы бар: «MAXIMUM» (Алтынай Абжанова, Динара Сабиева, 15-БУ-1; Римма Мухатова, 16-БУТ-1), жетекшісі – «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының аға оқытушысы Е.Шапочкина; «Gold», «DREAM TEAM» командалары (Назерке Есхатова, Айдос Көнтек, 15-БФК-1; Аида Каирдинова, 15-МБК-1; Батырхан Нуралханов, Айдын Балтабеков, 16-БФТК-1; Еркежан Баймурынова, Малика Мустафина, Александра Воронцова, 15-БФ-1; Маржан Амангельдинова, 16-БФТ-1; Василий Хван, 15-БЭ-1), жетекшісі – «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының аға оқытушысы А.Биханова.
Бейнематериалдар байқауы 5 номинация бойынша өткізілді: жеке қаржыны басқару, жинақтау және инвестициялау, зейнетақыны жоспарлау, тәуекелден сақтау, қаржылық алаяқтық және қаржылық қауіпсіздік, несие және қарыз.
Қатысушылардың жұмыстарына сәйкес әділқазылар алқасы әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады.
«MAXIMUM» командасының студенттері «Несие және қарыз» номинациясы бойынша жеңіске жетті. «Gold» және «DREAM TEAM» командалары фестивальға қатысқандығы үшін сертификаттармен марапатталды.
Студенттерімізді І Халықаралық жастар фестиваліне қатысуымен құттықтаймыз!
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі