2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «ПЖКР 3.0» Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу жүргізу жоспарлануда.
Іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ мемлекеттік тілді орташа деңгейден төмен емес деңгейде білетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Резервте болу мерзімі 3 жылды құрайды.
Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 - 30 қыркүйек аралығында pkreserv.gov.kz сайтында жүзеге асырылады.
Жобаға қатысты толық ақпаратты pkreserv.gov.kz сайтынан алуға болады.