"Лу Бань шеберханасы" жобасы аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ оқытушыларын оқыту мерзімі аяқталды.

ШҚТУ делегациясы Тяньцзинь қаласында автомобиль көлігі және жол қозғалысын ұйымдастыру саласындағы мамандарды даярлайтын заманауи оқу жабдықтарымен жұмыс істеу тәжірибесін бір ай көлемінде пысықтады.

Арнайы оқудың жабылу салтанатында Тяньцзинь кәсіби институтының президенті Mr Zheng Qingcun, автомобиль инженериясы факультетінің деканы Mrs li Jinghua, оқытушы mr Liu Jun, сондай-ақ Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ Машина жасау мектебі деканының орынбасары Самат Байгереев сөз сөйледі.

Іс-шара соңында Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың барлық 15 оқытушысына оқуды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Оқытушыларды тағылымдаманың аяқталуымен құттықтаймыз! Тяньцзинь кәсіптік институтынан игерілген білім "Лу Бань шеберханасы" жобасын табысты іске асыруға сенімді тұғыр болсын!