Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында елімізде 1 қыркүйектен ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы өседі. Деректерге сүйенсек, студенттердің ай сайынғы ақысы төмендегідей мөлшерде артпақ:
- Бакалавриат студенттерінің шәкіртақысы 20%-ға,
- Магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 15%-ға,
- ТжКБ студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға арттырылды.
Сәйкесінше ШҚТУ студенттерінің шәкіртақысы төмендегідей болады:
- Бакалавр 41898 теңге (үздік студенттерге 48183теңге)
- Магистранттарға 97024 теңге (үздік студенттерге 111578 теңге)
- Докторанттарға 217500 теңге
Шәкіртақы Үкімет басшысының тиісті Қаулыға қол қойған күнінен (1 қыркүйек) бастап өседі.