«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ әскери кафедрасына запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен, запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін бірінші (3 жылдық оқумен), бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші, үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен құжаттарды қабылдау басталады.

Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттардың тізімі:

  1. Өтініш (үлгі).
  2. Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі).
  3. Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы және көшірмесі).
  4. Көлемі 3х4 см екі фотосурет.
  5. Соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама.
  6. Студенттің ЖЖООКБ-да нақты оқитыны туралы факультет деканы қол қойған анықтама.
  7. 2 файл.

Қажетті ақпарат Instagram (ektu.askerikafedra) парақшасында, Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ сайтында (www.ektu.kz/departments/military_subdep.aspx) және телеграм-ботта (Военная кафедра при ВКТУ).

 

Әскери кафедра мекен-жайы:
Әміре Қашаубаев көшесі 7/2, №17 каб.

Анықтама телефондары:
    8 (7232) 765-751

Ватсап:
    +7 705 644 19 95