Құрметті абитуриенттер! 1 маусымнан университетке түсуге құжаттар қабылданады!

Оқуға түсуге өтініш қабылдау және тіркеу egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Құжаттар тізімі:

  • ұйым басшысының атына еркін формадағы өтініш;
  • жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы және PDF форматындағы электрондық нұсқасы);
  • жеке басты куәландыратын құжат (PDF форматындағы электрондық нұсқа);
  • көлемі 3 x 4 сантиметр цифрлы фото;
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
  • орта білім базасындағы ҰБТ электрондық сертификаты;
  • ведомость көшірмесі (шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілер үшін);
  • орта білім беру базасында білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;
  • екпе паспортының (063-нысандағы медициналық анықтаманың) көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы;
  • тіркеу куәлігінің көшірмесі және PDF форматындағы электрондық нұсқасы (тек орта білім, ТжКБ базасында оқуға түсетін жасөспірімдер үшін).