2024 жылғы 21 тамызда BR21882022 «Мониторинг жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының белсенділігін зерттеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ аумағында мониторинг жүйесінің діңгегін сынақ орнату жүргізілді.

Жұмыстар барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жоба қызметкерлерінің күшімен жүргізілді. Діңгек жеңіл дизайнға ие. Ол көшкін қаупі бар беткейлерге орнатуды жеңілдету үшін арнайы таңдалған. Өлшеу жабдығын орнатқаннан және сынақтан өткізгеннен кейін діңгек бөлшектеліп, Шығыс Қазақстан облысының көшкін қаупі бар аймақтарының біріне орнатылады.