2024 жылғы тамыз айында BR21882022 «Мониторинг жүйелерін әзірлеу және оларды орналастырудың ғылыми негіздемесі үшін Шығыс Қазақстан облысының көшкін алаптарының белсенділігін зерттеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының Ұлан және Самара аудандарындағы Тайнты және Лайлы өзендерінің маршруттары бойынша көшкін қаупі бар беткейлерге зерттеулер жүргізілді.
Зерттеулерді Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ғалымдарымен «Ионосфера институты» ЖШС мамандары бірлесіп жүргізді, «Қазселденқорғау» ММ қызметкерлерімен бірге жүрді. Көшкін қаупі бар беткейлер Matrice-300 ҰҰА көмегімен зерттелді. Еңістерді зерттеу австралиялық Emesent LIDAR Hovermap Plus компаниясының жоғары дәлдіктегі жабдығы арқылы жүргізілді. Жабдықтың бұл түрі аналогтардан жоғары дәлдікпен және жоғары сапалы цифрлық модельдерді одан әрі құру үшін жоғары нүктелік тығыздықпен түсірумен ерекшеленеді.
Сонымен қатар, көшкін қаупі бар беткейлер морфология мен өсімдік жамылғысы бойынша зерттелді, топырақ сынамалары алынды және датчиктерді орнатуға арналған алаңдар, әзірленіп жатқан мониторинг жүйесі таңдалды.