29-30 маусым аралығында «Ядролық физика институты» РМК (Алматы қ.) қолдауымен «Радиациялық бақылау және радиациялық мониторинг» атты халықаралық жазғы онлайн мектебі өтті. Негізгі ұйымдастырушылар ретінде Атом энергетикасы институты НИЯУ МИФИ (Обнинск қ.) және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ шықты.
Бұл арнайы іс-шара жас мамандар мен студенттерге бағытталған. Тыңдаушылары Алматы, Қарағанды қалаларының жас ғалымдары мен докторанттары және ШҚТУ студенттері болды.
Мектеп барысында радиация, оның түрлері, сондай-ақ радиациялық зардаптардың алдын алу және жою әдістері талқыланды. Ауқымды, тарихи және өзекті қазіргі радиациялық мәселелер мен оқиғалар қозғалды.
Мектептің қысқа мерзіміне қарамастан, оқушылар жетекші лекторлардан маңызды ақпарат базасын алып, берілген тақырыптар бойынша бірқатар тапсырмалар мен тесттер орындап үлгерді.
Халықаралық бірлескен жазғы онлайн мектебінде оқуы аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттарға ұсынылды.
29 маусым, 2020 жыл
30 маусым, 2020 жыл