Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "Күміс университеті" жобасының іске асыруы жалғасуда.
"Күміс университеті" жобасының мақсаты - қарт адамдардың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау.
Қазіргі уақытта "Қазақ тілі", "We speak english", "Цифрлық сауаттылық", "Сауықтыру", "Құқықтық негіздер және қаржылық қауіпсіздігі" бағдарламалары бойынша курстар жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда 38 тыңдаушы егде жастағы адамдарға салауатты өмір салтын насихаттауды көздейтін "Сауықтыру" курсына қатысады. "Аға буынға арналған фитнес" бұл дене шынықтыру және спорт құралдарымен аурулардың алдын алу, физикалық және психологиялық кедергілерді еңсеру үшін қозғалыс белсенділігін қалыптастыру, сондай-ақ физикалық жағдайды жақсарту. Біздің аға буынымыз осындай курстарға қатысқанды ұнатады", - деді Денсаулық және спорт орталығының нұсқаушысы Д. С. Альтемирова.