Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ жəне Жоғарғы техникалық колледж өкілдерінің аумақтың ҰБТ тапсыруға талаптанған мектеп бітірушілерімен кездесуі өтті. Кездесуге шамамен 200 адам қатысты. Айта кетейік, кездесу Ұлан ауданының білім беру бөлімінің жетекшісі К.Окасовтың ұйымдастыруымен өтті.

Кездесу мақсаты - түлектерге Шығыс-Қазақстан облысының білім беру мекемелерінде оқуларын жалғастыру мүмкіндіктері жайында баяндау.

Іс-шараға университетіміз бен колледж атынан Жоғарғы техникалық колледж директоры А. Хазиева мен кəсіптік бағдар беру бөлімінің маманы Т.Серікқызы қатысты.

Мектеп бітірушілерге колледж бен университетке қабылдау шарттары мен тəртібі жайында ақпарат берілді. Сондай-ақ қатысушылар назарына бейнероликтер мен мамандықтар тізімі қамтылған презентеция көрсетілді.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі