ШҚМТУ-дың кәсіптік бағдарлаушы менеджерлері Өскемен қаласының мектептерінде ата-аналар жиналыстары мен сынып сағаттарына қатысты. Ақпан айында ШҚМТУ өкілдері №7, 34, 35, 39, 45, 47 орта мектептері және «Спортпен шұғылданатын балаларға арналған интернат» КММ мектебінде болды. Бұл іс-шаралар ШҚМТУ Мансап орталығының кәсіптік бағдар беру бөлімі бастамасымен өткізілді.

Оқушылар Университет мамандықтары, жеңілдіктер, академиялық ұтқырлық, әскери кафедра, техникалық білім берудің болашағы және жалпы университет туралы ақпарат алды.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі