20 ақпанда ШҚМТУ Мансап Орталығы ұйымдастырған Өскемен қаласы колледждерінде «ТЕХНИКАЛЫҚ күні» кәсіби бағдар беру жобасы өз жұмысын бастады. ШҚМТУ-дың өкілдері алғашқы болып Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжіне жолықты.
Іс-шара студенттің онлайн тіркеуімен басталды және университет дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
«Қазақстан және Қазақстан халықтар Ассамблеясы тарихы» кафедрасының оқытушысы Алпамыс Тоқсанбаев «Көліктік құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында ауқымды және ақпараттық семинар өткізді. Ал Аспап жасау және Технологиялық үрдістерді автоматтандыру кафедрасының оқытушылары мен студенттері Арайлым Оразова мен Анар Болатова робототехника және антенна-фидер құрылғыларын таныстыратын тәжірибелік сабақ өткізді.
Кездесуге қатысушылар кафедралар, мектептер туралы, техникалық білім берудің болашағы және жалпы университет туралы ақпарат алды.
Айта кету керек, «Колледждердегі ТЕХНИКАЛЫҚ күні» акциясы наурыз айының соңына дейін жалғасады.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі