Ақпанның 15-інде өзге тілді ұлттар арасындағы мемлекеттік тілді білудің «Тіл- парасат» атты қалалық байқауы өтті. Байқау тілтанушы – ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына арналды.
Байқауға ШҚМТУ –дің ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінің 2 курс студенті Рият Файзульянов та қатысты. Байқауға қатысушылардың арасынан топ жарып шыққан Рият мемлекеттік тілді жақсы меңгеруімен бірге білімін, өнерінде ортаға салды. Әділ қазылардың қойған сауалдарына орынды жауап беріп, жанкүйерлерімен бірге әділ қазыларды да ризашылыққа бөледі.
Рият Файзульянов Бас Жүлдені жеңіп алып, жүлдегер атанды, бағалы сыйлыққа ие болды. Облыстық «Тіл-Парасат» байқауына қатысуға жолдама алды. Жеңісің құтты болсын!
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі