Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-да Леобена техникалық университетінің (Австрия) профессорларының кездесуі өтті. Делегация құрамында инфрақұрылым және халықаралық істер жөніндегі проректор, тау-кен институтының директоры, профессор Peter Moser, металлургия институтының директоры, профессор Jürgen Antrekowitsch, Геология және минералогия бөлімінің оқытушысы Gustav Hanke болды.

Тараптар «Металлургия» және «Геология және тау-кен ісі» салаларындағы ынтымақтастық келешегін талқылады және университеттің ғылыми-зерттеу базасымен танысты.

Қонақтар сондай-ақ «Казцинк» ЖШС Ө МК (Өскемен қ.), Малеев кенішін (Зырян қ.) және Зырян қаласындағы оқыту орталығының мұражайын тамашалады.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі