ШҚО балалар және жас өспірімдер Кітапханада «Оюдың артында ой тұрады» атты шеберлік сағаты өтті. Шеберлік сағатқа Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) Бизнес мектебінің «ҚТжӘСП» кафедрасының «зерде» клубының 24-зкк-2, 24-мкк-1 топтарының студенттері қатысты. Шеберлік сағатқа әр қазаққа үлгілі іс атқарып жүрген өнер танушы, ағаш шебері, «Өрнек Өскемен» шеберханасы арқылы жалпақ жұрттың жеті атасын түгендеп, шежіресін таратып жүрген жас кәсіпкер, IT маманы Нәрімбек Хабиұлы қол өнердің құпиясымен және өзінің кәсіп жолындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар қазақ халқының қолөнерінің ерекше жауһарларын сақтап, заманауи талаптарға сәйкес қалай дамып үйлестіру керектігі жөнінде жастарға жаңаша үлгіде жасалынған көптеген қол өнерлеімен таныстырды.

Жеті ата шежіресі, қазақы нақышта киім ілгіш пен қыздардың әшекей бұйым салатын қорабтарын ағаштан қалай жасалатындығын айтып, оның жасау жолдарын көрсетті, жастардың өзінің шәкірті болуға мүмкіндігі бар екендігін де тілге тиек етіп, атап өтті.

Бұл шеберлік сағаты «зерде» клубының 24-зкк-2, 24-мкк-1 топтарының студенттерінің қазақ қол өнеріне деген қызығушылықтары мен жаңашыл көз қарастарын оятты.