28 мамырда «Vostok Engineering inc.» ЖШС Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ құрылыс саласындағы құзыреттер және технологиялар трансфері орталығымен бірлесіп «Қазақстан Республикасының құрылыс, жол-құрылыс секторының аккредиттелген қызметтерінің толық циклін көрсету бойынша құрылыс-техникалық инжинирингтік орталығын құру» BR21882278 гранттық жобасы аясында халықаралық семинар өткізді.

Семинардың тақырыбы ынтымақтастықты талқылауға, тәжірибе алмасуға, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстарды салу мен жөндеуде заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

Семинарда бөгеттерді, резервуарларды, туннельдерді, каналдарды және т. б. су асты бетондау, жөндеу, нығайту және гидрооқшаулау бойынша бірқатар тақырыптар қамтылды.

Жетекші спикерлердің гидротехникасы дамыған түрлі елдерде көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар, іске асырылған ауқымды жобалар мысалдарында кешенді шешімдерді таныстыратын болады.