«500 ғалым» бағдарламасы ғалымдарға шетелдік ғылыми және жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 3-12 айға дейінгі тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді, сонымен қатар осы арқылы олардың біліктілігін арттыруға бағытталған. «500 ғалым» тағылымдамасы аясында жыл сайын 500 ғалым үздік шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алып отыр.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 3 жыл қатарынан аталған жобаға қатысып келеді. Университеттің бірнеше ғалымдары әлемнің түрлі оқу орындарында тәжірибеден өтті. «500 ғалым» тағылымдамасы басталғаннан бері 15 оқытушы тағылымдаманы сәтті аяқтады. Негізгі қамтылған елдер: Ресей, Түркия, Англия, АҚШ. Семинар барысында ғалымдар әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.