Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Университет пен институт қызметтің білім беру, ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік салаларында ынтымақтасатын болады. Меморандум дәрістерді, семинарларды, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды ұйымдастыру мен өткізуде өзара әдістемелік және практикалық көмекті; ғылыми және практикалық кеңес беруді ұйымдастыруды білдіреді; тиісті қызмет салаларында тәжірибе және білім алмасу; ғылыми жобаларға, оқу процесіне, ғылыми-әдістемелік семинарларға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге және басқа да іс-шараларға өзара қатысу; кәсіптік практикадан өту шарты негізінде білім алушылардың кәсіптік практиканы ұйымдастыру және өткізу саласындағы ынтымақтастық;

Меморандум Астанада өткен KIOSH 2024 республикалық конференциясында жасалды. Бұл - еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 12-ші Қазақстандық Халықаралық конференция мен көрме болып табылады. Онда Қазақстан, Бельгия, Қытай, Түркия, Ресей және Өзбекстаннан 75-тен астам экспонент-компаниялар ЕҚ және ӨҚ саласында өз жаңалықтарын ұсынды. «Оқыту және ғылым» көрмесінің бөліміне Д.Серікбаевтың Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Машекенова Асия Хасенқызының басшылығымен Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ делегациясы қатысты.