2 қыркүйек күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында АЭС салу жөнінде жалпыхалықтық референдум өтуін атап өткен болатын. АЭС салудың маңызы туралы азаматтармен ашық әңгімелесу және осы жобаны жүзеге асыруға байланысты Республикалық Халықтық штаб құрылды. Штаб құрамына саяси партиялардың, азаматтық ұйымдардың көшбасшылары, сондай-ақ беделді мемлекет және саяси қайраткерлер кірді.

Штабтың мақсаты - халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру.
Осыған орай, бүгін, 10 қыркүйек күні осы мәселе төңірегінде ашық пікір алмасып, жастардың көқарасын білуге Шығыс Қазақстан облысының Халықтық штаб мүшелері біздің студенттермен кездесті.

Кездесу барысында, спикерлер АЭС салу жөніндегі референдумның Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, АЭС салуды қолдау жөнінде пікірлерін білдіріп, референдумда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

  Все фото