Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ мен Шығыс Қазақстан облысының сот әкімшілігі департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тиісті құжатқа бүгін ШҚО бойынша басқарма төрайымы-ректор Сәуле Рахметуллина мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі департаментінің басшысы Оян Мүтәләпов қол қойды.
- Біз өзара байланыс орнатып облыстағы көптеген кәсіпорындарға кадрлар дайындаудамыз, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот әкімшілігі департаментімен байланысымызды одан әрі нығайтып жатқанымызға қуаныштымын.Біздің арамыздағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум - инновациялар мен құқықтық жүйені жетілдірудегі ортақ жолымыздың жаңа кезеңі болмақ. Студенттер үшін бүгінгі қол қою жаңа көкжиектерді ашады, өйткені бұл сот жүйесінің нақты істеріне тікелей қатысуға, сот жүйеміздің дамуына үлес қосуға және сонымен қатар іс жүзінде нақты жобалармен жұмыс істеу арқылы бірегей тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Бұл студенттер мен түлектер үшін олардың кәсіби өсуіне маңызды қадам болады деп ойлаймын», - деп атап өтті Сәуле Рахметуллина.
Меморандум студенттер мен түлектер үшін кәсіби дамудың жаңа жолдарын ашуға сеп болады. Келісім болашақ заңгерлерге, заң мамандарына, сондай-ақ IT мамандарына тағылымдамадан өтуге, сот отырыстарына және Шығыс Қазақстанның сот жүйесіндегі тәжірибелі сарапшылардың жетекшілігімен тәжірибелік семинарларға қатысуға, құнды тәжірибелік дағдыларды алуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге бірегей мүмкіндіктер берері сөзсіз.
- Біздің келісімнің басты мақсаты - ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатып, алдағы уақытта өзара ынтымақтастығымызды нығайтып оны арықарай дамыту. Қазіргі кезде департамент түрлі саладағы білікті мамандар мен түлектерге ерекше көңіл аударуда. Мысалы, біз алғашқылардың бірі болып IT мамандарын жұмысқа тарттық, олар кейбір сот процестерін қашықтықтан, ғаламтор арқылы жүргізіп, азаматтардың жеке мағлұматтарын қорғауға, алаяқтарға қарсы тұруға және т.б. процесстерді басқаруға көмек береді. Сот жүйесінің болашағы Қазақстан Республикасының сот жүйесінің дамуында ғана емес, жалпы еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін жоғары білікті кәсіби мамандардың қолында», - деп атап өтті Оян Мүтәләпов.
Меморандумды қорытындыласақ Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттерінің еңбек нарығында бәсекеге сай болуын қамтамасыз ете отырып, олардың кәсібилігін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады. ШҚТУ әрқашан студенттері мен түлектеріне шынайы мүмкіндіктер мен перспективалар әлеміне есік ашып, ең жақсы жағдай жасауға ұмтылады.