2024 жылдың 23 сәуірінде Astana IT-University-де, ЭЫДҰ сарапшылары Фредерик Бойем мен Оксана Густың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру» тақырыбында оқыту семинар өткізілді. Семинарға Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің бас маманы Амринова М.С. қатысты.

Семинарды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасында «Integrity review» жобасы шеңберінде, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өткізді.

Семинар барысында университеттердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім берудің әдіснамалық және практикалық мәселелері, сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы адалдық және сатылмаушылық мәселелері қарастырылды.

Семинар ілеспе аудармамен орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Семинар форматы теориялық материалдарды, интерактивті жаттығуларды және топтық жұмысты қамтыды.