Ағымдағы жылдың 4 ақпаны күні, сағат 17:00-де №3 Студенттер үйінің акт залында «ШҚО дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ мамандары және ҚМДБ-ның ШҚО аймағы бойынша өкіл имамы, ШҚО Халифа Алтай мешітінің бас имамы Е.Мұқатай студенттермен дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясаты, діни экстермизм мен терроризмнің қоғамға тигізер қатері, ғаламтор желісіндегі радикалық діни идеологияның таралу қаупі жөнінде сұрақтар қарастырылды.
Жиынға 70 студент қатысып, дін мәселесіне қатысты сұрақтарға жауаптар ала алды. Кездесу соңында студенттерге ақпараттық материалдар таратылды.
Аталмыш кездесу басқа да студенттер үйлерінде (№1, 2) өткізілетін болады.
Іс-шараны әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.