Бүгінгі таңда Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында көптеген жобаларды іске асыруда.

TED x ШҚТУ жобасы - ойын еркін білдіре алатын, парасатты, адал тұлғаны қалыптастыруды, адал жолмен жетісікке жетуді көздейді. TED өз айналасына қоғамға бей-жай қарамайтын адамдарды топтастырады. Бұл жобаның аясында студенттер мен спикерлер өздерінің пайдалы және қызықты идеяларымен бөліседі. TED миссиясы мен ұраны - «Таратуға тұрарлық идеялар».

Кезекті TED x ШҚТУ жобасының қонағы «Шығыс Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Маржан Бахыт «Таратуға тұрарлық идеялар» концепциясын басшылыққа алып, этикалық, танымдық, әлеуметтік, мәселелерді талқылай отырып, өзінің мүмкіншіліктерін шынайы бағалай білуге дағдыландыру жайында әңгіме өрбітті. Табиғат бойына дарытқан еңбекқорлықтың, қайсарлықтың арқасында шыңдалып, алдынан шыққан қиындықтарды жеңіп, алдына мақсат қойып, іздену нәтижесінде жетістікке жету жолын мысалға келтіре отырып, жұртқа, елге, айналаға пайдалы іс жасау маңыздырақ екенін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарына қатысты сұрақтар қойып, өзара пікір алмасты. Кездесуді TED x ШҚТУ жобасының жүргізушісі Әскербек Айдана студентерге оқуға болатын бірнеше кітаптарды ұсына отырып, Альберт Эйнштейннің «Жетістікке жетуге ұмтылма, пайдалы болуға тырыс» деген сөздерімен аяқтады.