2022 жылдың 7-8 сәуірінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде бірінші ректор Д.М.Серікбаевтың 100 жылдығына және екінші ректор А.К.Сидоровтың 100 жылдығына арналған «Қазақстанның инновациялық дамуына жастардың шығармашылығы» атты студенттердің, магистранттардың және жас ғалымдардың VIІІ Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясы өткізіледі.
Конференцияда қарастырылатын бағдарламалар: пленарлық отырыс (конференцияның ашылуы, негізгі баяндама), секциялық (конференцияға қатысушылардың қатысуы), қорытынды отырыс және сондай-ақ дөңгелек үстел өткізіледі.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:
- Машина жасаудағы заманауи ғылыми үрдістер, бірінші ректор Д.М. Серікбаевты еске алу;
- Сәулет пен құрылыстағы дәстүр, мұрагерлік және инновация, екінші ректор А.К.Сидоровты еске алу;
- Жер туралы ғылымдар, ҚР ҰҒА академигі, профессор Б.А.Дьячковты еске алу;
- Білім, ғылым және техника салаларындағы ақпараттық-комуникациялық технологиялар (АКТ);
- Энергетика, энергия үнемдеу және материалтану;
- Қоғамның инновациялық дамуындағы экономика-басқарушылық мәселелер;
- Инновациялық үрдістердің дамуындағы әлеуметтік -гуманитарлық ғылымдар мен шетел тілдерінің рөлі;
- Әскери ғылым және дене шынықтыру;
- Техносалалық қауіпсіздік және тұрақты даму.
- 1Металлургияны және пайдалы қазбаларды байытудың өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияның негізгі күндері:
- конференцияның қатысушыларын тіркеу - 2022 жылдың 01 ақпанынан бастап;
- конференция материалдарын қабылдау - 2022 жылдың 01 ақпанынан бастап;
- конференция материалдарын қабылдаудың аяқталуы - 2022 жылдың 01 наурызына дейін;
- төлемақыны төлеу - 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін;
- конференцияның өткізілуі - 2022 жылдың 7-8 сәуір аралығында.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ
Конференцияға қатысу үшін конференцияның https://do.ektu.kz/studconf7 веб-сайтына кіріп, тіркелу қажет.
Мақала, толтырылған өтінім және төлем түбіртегі 2022 жылдың 01 наурызынан кешіктірмей [email protected] электронды поштасына жіберіледі.
Конференцияға қатысуға өтінім, баяндамалар материалдары (қоса берілген талаптарға сәйкес ресімделген, біздің университеттің авторларын қоспағанда), 2022 жылдың 01 наурызына дейін [email protected] электрондық поштасына жіберулеріңізді өтінеміз.
Анықтама үшін телефон: 8 (7232) 26-91-68.