Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да мектептерді дамыту стратегияларын егжей-тегжейлі талқылауға арналған үшінші Ғылыми кеңес өтті.
Барлық мектептердің стратегиясы университетті дамыту жоспарын жүзеге асыруға бағытталған. Басты міндет-2025 жылға қарай орталық және Оңтүстік-Шығыс Азияда инженерлік кадрларды даярлау бойынша көшбасшы болу.
«Мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар және болашағымыз жаңа технологиялар мен инновацияларда екенін ұмытпай қажет. Инженерлік білім беруді күшейту - бұл біздің тікелей міндетіміз, сондықтан пәнаралық зерттеулерге негізделген жаңа білім беру бағдарламалары мен ортаны құру өте маңызды», - деді басқарма төрағасы- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры.
Ғылыми кеңесте үш Мектептің декандары стратегияларын қорғады. Бұрын жасалған барлық ескертулер ескерілді. Барлық мектептердің күшті және әлсіз жақтары бар. Негізгі мақсат - әлсіз жақтарды анықтап, оларды күшті жақтарға айналдыру.
Күн тәртібінде тағы бір маңызды мәселе болды - Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан көрнекті тұлғаларды мәңгі есте сақтау саясатын бекіту. Мәселен, жақын арада ЖОО-да ҚР ҰҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Борис Александрович Дьячков пен философия ғылымдарының докторы Евгений Иванович Григорьев атындағы аудиториялар ашылады. Ал ғылыми кітапханаға ҚР ЖҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор Жеңіс Оразханұлы Күлсейітовтың есімі берілмек.