Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді. Студенттермен кездесуді «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Туғамбаева Қорлан Төлеубекқызы өткізді.

Қорлан Төлеубекқызы кездесу барысында, Жолдау халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйіткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталғандығын айта кетті.

Қ.Туғамбаева сөзін қорытындылай келе, мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген мәселелерді көтеріп, оларды шешу үшін нақты тапсырмалар бергендігін атап өтті.