Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Кәсіптік бағдар беру бөлімі ШҚМТУ факультеттерімен бірлесе Өскемен қаласындағы мектептердің түлектері арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Университет өкілдері факультеттер, оқу бағдарламалары және университетке түсу ережелері туралы хабарлады. Сондай-ақ мамандықтар тізімі бар буклеттер таныстырылды.

Өз кезегінде, студенттер, белсенділер оқушылар арасында қызықты викторина өткізді.