28.01.2025 жылы Университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің комплаенс-офицері К.А. Мықтыбаев, Персоналды іріктеу және дамыту бөлімінің басшысы В.М. Сатыгулова, Академиялық қызмет департаментінің директоры Ж.К. Идрышева, Халықаралық инженерия мектебінің деканы Ж.Т. Рахметуллина және Тілдік құзыреттілік орталығының басшысы Л.Н. Хасенованың қатысуымен Халықаралық инженерия мектебінің 24-УД-1 және 24-ГМ-1 топ студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесуде университеттің профессор-оқытушылар құрамы тарапынан оқу процесін жүргізу кезінде корпоративтік этиканы сақтау, сондай-ақ емтихан сессияларын тапсыру кезінде академиялық адалдық қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында комплаенс-офицер К.А. Мықтыбаев студенттерге корпоративтік этика кодексінің талаптарын, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының нәсіліне, тіліне, саяси және діни сенімдеріне, жынысына, ұлтына және мәдени ерекшеліктеріне қарамастан студенттерге қатысты кез келген кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған этика нормаларын түсіндірді.

Студенттер барлық сұрақтарына толық жауаптар мен түсініктемелер алды. Сонымен қатар, олар қозғалған тақырыптың маңыздылығын және университет басшылығымен кездесудің өзектілігін атап өтті. Бұл кездесу студенттерге оқу процесінде кездесетін проблемаларды ашық айтуға және оларға нақты жауап алуға мүмкіндік берді.