Бүгін Шығыс Қазақстан техникалық университетінің (ШҚТУ) өкілдері Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Әділқанов Әмірге ерекше құрмет көрсетіп, оған ректорлық гранттын сертификаты мен сыйлығын академиялық қызмет департаменті директоры Идришева Жанат Кабылбековна табыстады. Әділқанов Әмір «Жасыл және қауіпсіз әлем» номинациясы бойынша «Ақылды Awards» жүлдесінің иегері мәне «Алтын белгіге» үміткер болып, білім мен шығармашылықтағы жоғары жетістіктерін дәлелдеді.

Марапатты табыстау шарасы барысында, университеттің оқу және ғылыми қызметіне белсенді атсалысып, мектеп оқушыларының түрлі олимпиадалар мен конкурстарға қатысуына ықпал ететін мектеп директоры Сайлаубек Әділ және Әділқанов Әмірдің ата-анасы мен пән мұғалімдері алғыс хатпен марапатталды. Бұл марапаттар оқушылардың жетістіктерін бағалап қана қоймай, мектеп ұжымының еңбекқорлығын да мойындаудың айғағы болды.

Бұл грант тек үздік академиялық нәтижелердің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар оның пәндерге деген терең қызығушылығы, шығармашылық көзқарасы және өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы. Ғылым, спорт немесе өнер саласында жетістіктерге ұмтылатын оқушылар үшін ректорлық грант тек қаржылай қолдау ғана емес, сонымен қатар болашақта одан әрі өсуге деген маңызды мотивация болып табылады.

Әділқанов Әмірдің мысалы басқалар үшін шабыт көзі бола отырып, табандылық, еңбекқорлық және мақсаткерлік қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Оның жеңісіндегі маңызды фактор тек оқуындағы қажырлы еңбегі ғана емес, сонымен қатар әртүрлі байқауларға, олимпиадалар мен ғылыми жобаларға белсене қатысып, өз білімін мен шығармашылық тәсілін көрсетуі болды.

Ректорлық грант оған жаңа мүмкіндіктер ашады: білім беру мен ғылыми шараларға қатысу үшін қаржылық қолдау, біліктілігін арттыру мүмкіндігі және қызығушылықтары мен мақсаттары ұқсас адамдармен қарым-қатынас аясын кеңейту мүмкіндігі.