Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде биылғы оқу жылынан бастап «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер» кафедрасы жанынан студенттік «Өзіңді таны» психологиялық клубы ашылды!

Клубтың басты мақсаты - студенттердің өзін-өзі тануы, өзін-өзі дамытуы және тұлғалық әрі кәсіби тұрғыда жетілуі. Сонымен қатар, психология саласындағы білімдерін тереңдету, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру және өмірдің күрделі жағдайларына төтеп беру қабілетін дамыту.

Клуб отырыстарында студенттерді толғандыратын өзекті әрі қызықты мәселелер талқыланады. Клубқа қатысу арқылы студенттер өздерінің әлеуметтік-психологиялық құзыреттілігін арттырады!