2018 жылдың  2 мамырында Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ базасында оқушыларға арналған    «Technovation Challenge»   Халықаралық IT-конкурсының іріктеу кезеңі өтті. Іс-шара облыстық конкурс стилінде өтті: жобалардың демо-көрмесі, Өскемен және Семей мектептерінің  «Senior»  6 командалардың жобалары таныстырылды.  «Technovation Challenge» халықаралық IT-конкурсының бас демеушісі “ZHANARTU” қайырымдылық қоры болып табылады. Стипендиялық бағдарлама түлектері үшін Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің гранты шеңберінде Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ-де іріктеу кезеңін дайындау және өткізу бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Іс-шараға тек қана оқушылар мен олардың тәлімгерлері ғана емес, сондай-ақ, Өскемендегі «American Corner» и «Maker Space»  өкілдері, «Шетелде білім алу»  EF Education First қатысты. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде өз жобаларын ұсынды, маңызды және өзекті әлеуметтік проблеманы шешуге арналған өздері әзірлеген мобильді қосымшаның прототипін көрсетті.  «Judging Rubric»  бағалау жүйесі бойынша төрешілер жеңімпаз 3 команданы таңдады. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Алғашқы екі орынды иеленген командалар облыстық жарысқа қатысу үшін Астанаға немесе Алматыға барады, қалған 4 команда әлемдік төрешіге барады.

Қатысушыларымыз Сан-Францискода (АҚШ) өтетін  жарыстың финалына шығуға  және олар әзірлеген мобильді қосымшаларды міндетті түрде іске асыруын тілейміз!

Д. Алонцева