8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен шыққан және жылы құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Алғашқыда 8 наурыз еңбек етуші әйелдердің өз құқықтары үшін күрес барысында халықаралық тілектестік күні деп қабылданған. Уақыт өте мейрам өте терең мәнге ие болды. Адамзат тарихында барлық ұлылық әйелдерден басталған. Қазіргі күні бұл стандартты, ресми мереке қатарындағы мереке емес. Ол көктем мен жарықтың, әйелдің әйелдік, аналық, құрбылық дәстүрлі рөліне құрметпен қараудың символы болып табылды. Мереке келгенде табиғат жанданып, барлық айнала қайталанбас жылылыққа толады.
Әйел және көктем қашанда өмір бастамасын, махаббат пен әдемілікті, үміт пен мейірімділікті бейнелейді. Жер бетіндегі ең керемет ғажайып – өмір-әйелдер сыйлайды. Ол барлығын жасайды: жұмсақ, мейірімді әйел, қамқор ана, сенімді құрбы бола алады. Сонымен қатар – дана басшы, білікті қызметкер, керемет педагог және талантты жасампаз.
Университеттің керемет әйелдер қауымына денсаулық, бақыт, шат күлкі тілеймін. Сіздер Қазақстан экономикасының инновациялық-бағдарланған дамуына, білім және ғылым саласына айтарлықтай күш салып отырғандарыңызға сенімдімін.
Сәттілік, амандық, жақсы көңіл-күй, шығармашылық серіктеріңіз болсын. Сіздермен бірге тек ілтипатты және қамқор ер-азаматтар болсын.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Ж.Шаймарданов