Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да ҚР БҒ министрлігінің қолдауымен «Ғылыми зерттеулерді бағалаудың және таңдап алудың жүйесін. Зерттеу қызметінде әріптестікті нығайту»  тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оны Британия кеңесімен бірлесіп «Мемлекеттік ғылыми техникалық сараптау ұлттық орталығы» АҚ ұйымдастырды. Шараға отандық ЖОО-ның, ҒЗИ-ның, басқа да  отандық ғылыми ұйымдарының 300-ден астам өкілі мен Ұлыбританияның 20 жетекші зерттеушілері қатысты.

Пленарлық мәжілісте «НЦГНТЭ» АҚ-ның президенті Асанбай Жұмабеков, British Counsil-дің Қазақстандағы директоры Сайман Уильямс, ҚР БҒМ ғылым жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешев және басқалар сөйледі.

Дополнительная информация:

Additional information:

Ғылыми-зерттеу жұмысы және инновациялық қызмет департаменті

Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі бөлім