Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ –да ЖОО –ның студенттері арасында "Металлургия" бағыты бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II-ші кезеңі қашықтықтан өтті.
Қазақстанның тоғыз жоғары оқу орнынан "Металлургия" бағыты бойынша дайындық жүргізетін 11 команда (39 қатысушы) қатысты. Олимпиаданы өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету прокторинг және жұмыстарды тексеру үшін қатысушы білім ордаларының өкілдерінің көмегімен жүзеге асырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеке есепте 1-орынды Торайғыров университетінің студенті Әмір Жаскенов қанжығасына байласа, 2-орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенті Еркебұлан Жәнібеков пен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті Әділхан Нұржанов бөлісті. Ал 3-орынды Қарағанды техникалық университетінен Сара Қазбекова, Торайғыров университетінен Сабина Әбенова және Қарағанды техникалық университетінен Нұрлан Рамазанов иеленді.
Командалық есепте 1-ші орынды Торайғыров университеті, 2-ші орынды Қ. Жұбанова атындағы АРУ иеленді, 3 – орын ҚарТУ командасында.