21 ақпанда Қарағанды қаласында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті алаңында жоғары оқу орындарының оқытушыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мәселелері бойынша республикалық семинар өтті.
Семинарға Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігі және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.сонымен қатар Семинарға қатысуға жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша пәндерінің оқытушылары шақырылды. Шығыс Қазақстан техникалық университеті (ШҚТУ) атынан Бизнес мектебінің «ҚТжӘСП» кафедрасының оқытушысы Қасен Нұржайнат қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәндерді оқытудың озық тәжірибелері, академиялық адалдық қағидаттарын жүзеге асырудың практикалық құралдары туралы түсіндірме беріліп,сондай-ақ мотивациялық сессиялар өткізіледі. Бұл оқытушыларымыздың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімді жаңарту, оқыту тәсілдерін жетілдіру және практикалық тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі факторы және азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілікті қалыптастырады.