Бүгін Үндістан Республикасының тәуелсіздік күні. 1947 Біріккен Корольдіктен азаттық алып, халық саны, географиялық көлемі жағынан да ауқымды жаңа мемлекет пайда болды. Жалпы ішкі өнімі бойынша әлемдік бестікке кіретін мемлекет дамушы елдер қатарында. Үндістан Республикасы Ұлттық Кадет Корпусымен екі жақсы меморандум аясында келіп отырған қонақтарымыз бүгін мемлекеттік мерекелерін атап өтуде.
Тактикалық дайындықтардан соң, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасының материалдық-техникалық базасымен, теориясы, тәжірибесімен танысып болған соң Үндістандық әріптестер мен кадеттері Өскемен қаласы, Жастар саябағында орналасқан Үнді ақыны Рабиндранат Тагордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою шарасын салтанатты түрде атап өтті.
Білгенге маржан, Рабиндранат Тагор – үнді жазушысы, ақын, композитор, суретші, қоғам қайраткері. Еуропалық нәсілден тыс алғаш Нобель сыйлығын иеленген тұлға. Гуманизм мен отан үшін махаббатқа бөленіп өскен Тагор Үндістанның британ колониялық әкімшілігінен азат болуын қалады. Бүкіләлемдік Үндістан университеті мен Ауылшаруашылық қайта құру институтының негізін қалады.
76 жыл бұрын тәуелсіздік алған Үндістан қазір әлемнің дамыған елдерімен терезе теңестіруде. Қонақтарымыздың бүгінгі қуанышы, Өскемен қаласындағы үнді халқының көрнекі тұлғасына арналған мәдени бұрыштың болуы университет ұжымын, кадеттерді ерекше қуантады. Мерекең құтты болсын Үндістан!