Аманат партиясының Жастар қанаты Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханаларында болып, студенттерді қабылдау дайындықтарына көз жеткізді.
Демографиялық өсімге байланысты жатақханалардағы орын тапшылығы, студенттерге арналған орындардың гигиеналық жайлылығы күн тәртібінде өзекті болып тұр. Ауыл-ауылдан, еліміздің өзге өңірлерінен ағылатын жастар үйлерінің құрылысына, оның қанағаттандырарлық жай-күйін университеттер де, жергілікті атқарушы органдар да назарда ұстайды.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жастар үйі биылғы қабылдауға сақадай сай. Аманат партиясының Жастар қанаты жатақханаларда болып, жатын орындар, тазалық бөлмелері, қауіпсіздік мәселелеріне зер салды. Айта кету керек, жастар топтасқан орындағы тәртіпке ерекше екпін қойылды.
«Жаздың бір күні, қыстың мың күні» дейтін ШҚТУ мамандары студенттердің жайына, жеке қажеттілігіне, тазалығы мен өмір қауіпсіздігіне толықтай дайын.