Биыл Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 3.2.1 Старт! республикалық жобасының серіктесі болып табылады. Жоба жастардың пластикті жинау және дұрыс сұрыптау бастамаларын қолдауға бағытталған.
"Өз үлесіңді қос!"- келе жобаның ұраны осылай естіледі. Оқу жылының басында Дене шынықтыру және спорт орталығының басшысы Даумов Болатбек Айшабекұлының күш-жігерінің арқасында ШҚТУ-ға 130 келіден астам пластик қайта өңдеуге тапсырылды. Жинау және сұрыптау жұмыстарына 21-БЖ-1, 22-БЖК-1 және 22-БЧС-1 топтарының студенттері қатысты.
Жобаны жүзеге асыру барысында көбірек пластик жинайтын университет оларға "екінші өмір"сыйлау үшін пластикалық қалдықтарды қайта өңдеу жабдықтарының толық желісін алады. ШҚТУ жобаны белсенді қолдайды, әрі қарай да өз кампусында қалдықтарды бөлек жинау саясатын іске асыратын болады.