Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын кезекті талқылау аясында 2-3 курс студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету қалалық аумақтық орталығы» КММ директоры, облыстық мәслихат депутаты Әубәкірова Сания Мағауқызы және «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ төрағасы Туғамбаева Қорлан Төлеубекқызы қатысты.

Іс-шара қонақтары, Жолдау аясында қозғалған мәселелерге тоқталып, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер кездесуге белсенді қатысып, өз тараптарынан сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Іс-шара қонақтары ҚР Президенті Жолдауында қаралған қоғам мен мемлекетті дамытуға негізделген өзекті мәселелерді талқылап, студенттерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Студенттер кездесуге белсенді қатысып, партия өкілдері мен облыстық мәслихат депутатына сұрақтар қойып, жауап ала алды.

Кездесу мақсатына жетті.

Іс-шараны ұйымдастырған Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы.