Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ есіктері Ұлан ауданынан келген талапкерлер үшін айқара ашылды. Іс-шараға 250-ден астам үміткер қатысты.
Университеттің ОӘЖ жөніндегі проректоры Сауле Рахметуллина қатысушыларға құттықтау сөзін жеткізді. Ұлан ауданының 25 мектеп директоры Университет басшылығы атынан түлектерді даярлаудың тиімді жүйесін ойластырғандары үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп оқушыларына университеттің факультеттері, мамандықтары жайында және жалпы студенттік өмір туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. ШҚМТУ бас ғимаратына, зертханалары және «Үлкен Алтай» мұражайына, политехникалық өнер мұражайының геология залына, Е. Духаниннің фотокөрмесіне, кітапханалық ақпараттық орталыққа, робототехника кабинетіне экскурсия ұйымдастырылып, «Сәулет және дизайн» кафедрасының макеттері және шағын сәулет құрылымдары көрсетілді . Сондай-ақ, қонақтар үшін арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Өз кезегінде, түлектер мен ата-аналар қабылдау ережелері, болашақтағы жұмыспен қамту мәселесі және жеңілдіктер жайында сұрақтар қойды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі