Ағымдағы жыолдың 12 сәуір күні Өскемен қаласының «№37 орта мектеп» КММ негізінде кәсіптік бағдар беру шаралары аясында стенд моб өткізілді. Іс-шараны қалалық білім беру бөлімі және оқу орнының басшылығы ұйымдастырды. СТЕНД-МОБқа қаланың жоғары оқу орындары мен ТжКББ-ден жиналған 150-ден астам студент қатысты.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-ды Кәсіби бағдар беру бөлімі және жоғары техникалық колледждің басшысы таныстырды. 9 және 11 сынып түлектеріне ҚР БҒМ ұсынған және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің арнайы білім беру гранттары, білім беру бағдарламалары мен техникалық білім алудың перспективалары туралы айтылды.
Университеттің өкілдері атап өткендей, мұндай шаралар қаланың басқа мектептерінде де өткізілмек.
Мектеп ұжымы СТЕНД-МОБ кәсіби бағдарлау жұмыстарына белсене қатысқаны үшін ШҚМТУ өкілдеріне алғысын білдіреді.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Баспасөз қызметі