Бүгін ШҚТУ қабырғасында «Өскемен қаласын дамытудың бас жоспары, сәулет және инфрақұрылымдық даму перспективалары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара қала күніне және ҚР конституция күніне орайластырылған.

Білім беру жүйесінің ғылыми - зерттеу ұйымдарының ғалымдары, өкілдері мен мамандары және университет қонақтары бүгін қаланың аумақтық дамуының ұзақ мерзімді перспективаларын, оның сәулет-жоспарлау құрылымын қалыптастыруды, аумақтың функционалдық-қала құрылысын аймақтарға бөлуді, қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және жалпықалалық мақсаттағы объектілерді орналастыру жөніндегі шешімдерді, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі қала құрылысы іс-шараларын талқылады.

Конференциядағы әрбір баяндама мен қаралған мәселелер кездесу хаттамасына енгізіліп, қала әкімшілігіне тапсырылады.