Бүгін Д.Серікбаеа атындағы ШҚТУ алаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Аманғалиұлы Брекешевтің кездесуі өтті.

Кездесу Қазақстан Республикасының басшысы Қ.Тоқаевтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы тапсырмасы, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың халық алдындағы есеп берушілігінің жауапкершілігін күшейту шеңберінде өтті.

Іс-шараға аймақ тұрғындары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ онлайн режимінде ШҚО қалалары мен аудандарының әкімдері қосылды.

Кездесуде «Жасыл Қазақстан» жобасын іске асыру, қалдықтармен жұмыс істеу, ҚТҚ полигондарының жай-күйі, стихиялық қоқыс орындарын құру және жою, облыстың кәріз-тазарту құрылыстары және т.б. мәселелер көтерілді.

«Құрметті кездесуге қатысушылар, осы алаңды пайдалана отырып, мынаны айтқым келеді. Сіздің өңіріңіз табиғи байлықтарымен әйгілі, бұл Катонқарағай ұлттық паркі, Марқакөл көлі және басқа да жерлер. Сізге көптеген туристер келеді. Біздің бірегей табиғи байлықтарымызға ұқыпты қарауға, қоқыс тастамауға, дұрыс емес жерлерде от жақпауға шақырамын. Болашақ ұрпақ үшін табиғи сұлулықты құрметтеу және сақтау керек» деді министр сөз соңында.