ҚР Жоғары білім беру саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған идеологиялық және тәрбие іс-шараларын іске асыру жоспары студенттер арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, олардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ патриотизм мен азаматтық сананы дамытуға бағытталған. Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты - студенттерді тұлғалық тұрғыда қалыптастыру, олардың рухани-адамгершілік және азаматтық қасиеттерін дамыту болып табылады. Осы және өзге де мәселелер жөнінде бүгінгі топ кураторларымен өткен жиында сөз қозғалды.

Мәжіліске жоғарғы оқу орынның Әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің директоры Жанабаева Г.Н., Академиялық қызмет департаментінің директоры Идришева Ж.К., психологиялық қызмет басшысы Жарасбаева Н.К. және кураторлар кеңесінің төрайымы Жақсылықова Б.С. қатысты. Мәжілісте тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселелері, студенттердің академиялық қызметі және кураторлық жұмыстың негізгі бағыттары талқыланып, білім алушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу бойынша психологиялық кеңестер берілді.