2026 жылғы 10 сәуірде Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шара Ғылым күні және «Жасанды интеллект және инновациялар: жаңа сын-қатерлер мен болашақтың инженерлік шешімдері» атты XII Халықаралық ғылыми-техникалық конференция аясында өтті.

Семинар барысында бетонның беріктігін бұзбай бақылау жүйелеріне жасанды интеллект әдістерін енгізудің өзекті мәселелері қарастырылып, сондай-ақ цемент өндірісіндегі инновациялық шешімдер ұсынылды. Сонымен қатар, Heidelberg Materials Kazakhstan компаниясының өкілі заманауи технологиялар мен бетонның тиімді құрамдарына арналған дәрістер оқығанын ерекше атап өткен жөн.

Практикалық бөлімде бұзбай бақылау аспаптарын пайдалана отырып сынақтар жүргізу және алынған нәтижелерді өңдеу көрсетілді.

Тренингке келесі кәсіпорындардың өкілдері қатысты:

  • «Холдинг Казакцемент» ЖШС СП
  • «Инжиниринг» ЦПБ
  • «Казцинк» ЖШС (Риддер қ.)
  • «Expert Pro» ЖШС
  • «ШахтСпецПром» ҰТК ЖШС
  • «ANT-Проект» ЖШС
  • «Технострой» ЖШС
  • «Vostok Engineering inc» ЖШС
  • «ГеоресурсИнжиниринг» ЖШС
  • «ВостокЦветМет» ЖШС

Өткізілген іс-шара ғылыми қауымдастық пен өндіріс өкілдері арасында тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, құрылыс материалдарының сапасын бақылау саласындағы кәсіби құзыреттерді дамытуға ықпал етті.