"EKTU Educational Academy" желілік инженерлік мектебі оқушылар мен студенттерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. Бұл жолы жоғары политехникалық колледждің студенттері Лу Бань шеберханасына барып, онымен танысуға бірегей мүмкіндік алды. Бұл шеберхана - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі инженерлік оқытудың негізгі алаңдарының бірі.

Экскурсия барысында колледж студенттері инженерлік технологиялар саласындағы заманауи тәсілдер, жабдықтар және кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы мол мағлұмат алды.