Университетімізде ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі мен 31 қазаның аралығында барлық 1-курс студенттеріне арналған бейімделу тренингі өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жаңа оқу ортасына бейімделуіне және оқу топтарында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету болды.

Тренинг барысында студенттер:

  • Бір-бірімен жақынырақ танысып, жақын қарым-қатынас орнатты.
  • Топтық бірлікті нығайтуға бағытталған ойын ойнады.
  • Университеттің психологиялық қызметі туралы ақпарат алды.

Бұл ақпарат студенттердің психологиялық консультация немесе көмек алуға болатындығын, соның ішінде психологтың байланыс деректерін, психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмысы туралы мәліметтерді қамтыды.