Сіздерді Цифрландыру күнімен шын жүректен құттықтаймың!
Бұл күн еліміздегі цифрлық трансформацияның, инновациялық технологияларды дамыту мен енгізудің маңызын еске салатын мереке. Цифрландыру - тек технологияны қолдану емес, ол білім беру жүйесін жаңғырту, оқу процесін тиімді, ашық және қолжетімді ету, сонымен бірге студенттердің цифрлық құзыреттерін арттыру жолындағы маңызды қадам.
Жоғары білім беру жүйесі үшін бұл мереке сапалы білім берудің, ғылыми зерттеулердің және университеттердің цифрлық мәдениетін қалыптастырудың символы. Біздің университет те осы бағытта белсенді түрде жұмыс істеп келеді: инновациялық платформаларды енгізу, интеллектуалды технологияларды оқу процесіне интеграциялау және AI-Sana сияқты жобаларды жүзеге асыру арқылы студенттердің білім сапасын арттыруға күш жұмсайды.
Бұл күні әріптестерімізге, студенттерге және барлық білім беру саласының өкілдеріне шығармашылық шабыт, табыс және жаңа технологияларды қолданудағы табандылық тілейміз. Жаңа идеялар мен заманауи технологиялар сіздерге білім беру саласында жаңа белестерге жетуге мүмкіндік берсін!
Құрметпен, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры С.Рахметуллина
