Университетімізде ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі мен 31 қазаның аралығында барлық 1-курс студенттеріне арналған бейімделу тренингі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің жаңа оқу ортасына бейімделуіне және оқу топтарында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал ету болды.
Тренинг барысында студенттер:
- Бір-бірімен жақынырақ танысып, жақын қарым-қатынас орнатты.
- Топтық бірлікті нығайтуға бағытталған ойын ойнады.
- Университеттің психологиялық қызметі туралы ақпарат алды.
Бұл ақпарат студенттердің психологиялық консультация немесе көмек алуға болатындығын, соның ішінде психологтың байланыс деректерін, психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмысы туралы мәліметтерді қамтыды.



